Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызына өмірлік өсиетін қалдырған": Желіде Костенко шахтасындағы апаттан қаза болған кеншінің соңғы видеосы тарады

Желіде Қарағанды облысы Костенко шахтасында қаза болған кенші Ақынжан Орақбаевтың соңғы бейнежазбасы тарады. Видеоны журналист Айсұлтан Жақыпов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бейнеден алынды

Видеодан марқұм кеншінің әнші Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы "Қызым, саған айтамын" термесін айтып, қызына өсиет қалдырғанын көруге болады.

"Марқұм Ақынжан Орақбаевтың соңғы жүктеген видеосы. Соңында қызы қалды. Келіншегінің аяғы ауыр екен... Марқұмның жаны жаннатта шалқысын", – деп жазды журналист.

Айта кетейік, 28 қазанға қараған түні "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жарылыс болып, 46 кенші қаза болған еді. Мемлекет басшысы "АрселорМиттал Теміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатып, қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны хабарланды.

Талқылау