Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қызын қорғау үшін”: Атырау облысында әйел күйеу баласын пышақтап өлтірген

Атырау облысында күйеу баласын пышақтап өлтірген әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

пышақ

Қанды қылмыс Құлсары қаласында болған. Отбасындағы жанжал кезінде 57 жастағы әйел күйеу баласына пышақ сұғып алған.

Суық қарудан 27 жастағы жігіт тіл тартпай кеткен. Марқұм күдіктінің қызымен азаматтық некеде тұрған екен. Тәртіп сақшылары бұл отбасында жанжал жиі болатынын айтады. Ал қайтыс болған азамат әйелін ұрып-соққаны үшін бірнеше мәрте әкімшілік қамауға алынған екен.

Пышақ сілтеген енесі қызын қорғау үшін осындай қадамға барды деген болжам бар. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

“1996 жылы туған ер адамның бұрын отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергені үшін екі рет әкімшілік қамауда болғаны анықталды. 1986 жылы туған жәбірленушінің қаза тапқан азаматтың әйелінен және көршілерінен, барлығынан жауап алынып, қылмыс құрамы тергеліп жатыр”, – дейді Атырау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет. 

Талқылау