Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызы мен келіншегіне тосынсый жасаған Абай Бегей көз жасына ерік берді

Белгілі әнші Абай Бегей келіншегі мен қызына бір құшақ гүл мен үлкен қонжық сыйлап, тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан кадр

“Әкемізден тосынсый. Бүгін бәріміз үй жинап, реттеп, бөпелерді ұйықтатып, өзіміз енді жатайын деп жатсақ, әкесіміз хабарласып, жағдайымызды сұрап, “5 минуттан кейін бірінші қабатқа түсіңдер, сендерге сыйлығым бар” деді. Аминок ерте ұйықтап қалып, “не болды екен” деп екеуіміз жүгіріп шықтық. Папамыз ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас жайында сұхбат беріп, өзінің балалық шағын есіне алып, қатты әсерленіп, бізді көріп көңілі босап кетті. Бір-бірімізге деген махаббатымызды білдіріп, бір жылап алдық”, – деп жазды әншінің екінші қызы Сымбат.

Видеодан келіншегі мен қызына сыйлықтарын табыстаған Абай Бегейдің көз жасына ерік бергенін көруге болады. 

Желі қолданушылары өнер иесінің қамқор әке екенін жазып, жылы лебізін білдірді.

“Абай Бейгей әке деген сөзге лайық”, “Керемет әкесіз”, “Әкенің орны ерекше түсінген адамға”, “Жылап қалдық қой, жарайсыз аға”, “Осындай әкең бар Сымбат, бақыттысың”, “Керемет көрініс. Әкенің балаға махаббаты”, “Абай өте ақкөңіл, көңілшек”, – деп жазды желідегілер.

Талқылау