Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада екі ҰҚТ мүшелері қанды атыс ұйымдастырған: Қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ

Қызылорданың қақ ортасында оқ атылып, үш бірдей адам мерт болды. Қылмыскерлер әлі түгел ұсталмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп. 

Елдің жағасын ұстатқан сұмдық оқиғадан бері төрт күн өтті. Полицейлер әзірге төрт күдіктіге іздеу жариялады. Әйтсе де атыстың неден болғаны белгісіз.

Қала халқы үлкен үрейде отырса да, құзырлы органдар ләм-мим деп ақпарат бермей отыр. Оқиғаның себебі жан-жақты тергеуден кейін ғана белгілі болады дейді полиция департаменті.

Құзырлы орган өкілдері қылмыс болған аумақты, күдіктілердің үйін тінту барысында 5 қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі және 7 автокөлікті айғақ зат ретінде тәркілеген. Тіпті есірткі де табылыпты. Ал атысқа күдікті 6 адам қазір қамауға алынды. Оқ тиген 3 азамат ауруханада.

КТК арнасының мәліметінше, алдын ала себеп бойынша, қарулы қақтығыс екі топ арасында болған. Олардың бір-бірімен не бөлісе алмағандары әлі түсініксіз. Әзірге полиция мәлімет бермеген. Алайда екі тараптың арасында жағымсыз қарым-қатынас болған дейді.

Еске салсақ, 7 мамыр күні кешкі уақытта көшеде бір-бірін қуалап жүріп оқ атқан азаматтар елдің зәресін алған еді. Атыс кезінде оқ тиген 3 ер адам оқиға орнында мерт болды. Марқұмдардың бірі бокстан спорт шебері Қуандық Жүсіп екені анықталды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 12 Мамыр, 2022 09:09
Талқылау