Қызылордалықтардың 93% өз өміріне риза
Әлемде бақытты елдердің рейтингі жыл сайын жасалады. Ол қалай десеңіз, халқы қаншалықты күліп жүреді, өміріне көңілі тола ма, жүрген жерінде қауіп сезіне ме, билікке сене ме — осы көрсеткіштерге байланысты реттеледі.

Біздің елде де осыған ұқсас сауалнама жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы сарапшыларының жүргізген сауалнама нәтижесі республикадағы "өз өміріне көңілі толатын" тұрғындардың ең жоғары үлесі Қызылорда облысында екенін көрсеткен. Ол бүгінде 93,2 пайыз деген көрсеткішке ие.
Сіздің өз өміріңізге көңіліңіз тола ма?
Сіз бақыттысыз ба?