Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық оқытушы "Қазақстандағы үздік жарнамалық" роликті түсірді

Қызылордағы колледж оқытушысы бірінші курс студенттерімен бірге өз мамандығы туралы клип түсіріп, Қазнетте танымал болды. Әлеуметтік желі қолданушылары жарнама ретінде түсірілген видеороликті бір-біріне жарыса таратып жатыр,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Клип тоғызыншы сынып түлектерінің диалогынан басталады, олар қайда оқуға бару керектігін талқылайды. Осы кезде видеода мұғалім " Тора-тора" сөздерін айтып, "Ақмешіт" колледжіне түсуге шақырады.

Оқу орнында ТОРАТ (автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу) сөзі - бұл мұғалім оқытатын мамандықтың орысша аббревиатурасы екенін хабарлады. 

Роликтің авторы - Тимур Мұстаяпов, әнді өзі айтады. Идеяның авторы гуманитарлық-техникалық мамандықтар бөлімінің бастығы Ержан Кенжеев болды.

"Бірінші курс студенттерінің арасында "Үздік топ" фестивалін ұйымдастырдық. Конкурстардың бірі - өз мамандығы бойынша бейнеролик жасау. Студенттер оқытушылармен бірге видео түсірді. Олар бірінші орын алып, ақшалай сыйлық алды", - деді "Ақмешіт" колледжінің тәрбие және мәдени-демалыс жұмысы бөлімінің меңгерушісі Айнұр Бекенова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр