Қызылордалық әйел кәмелетке толмаған қыздарды Kyzdar.net сайты арқылы жезөкшелікке тартқан
Қызылордада кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйел ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әйел сайт арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынған. Әрі бұл үшін сыйақы да алып келген.
Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 134-бабының 2-бөлігі 2-тармағы "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Тиісті сот – медициналық сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының АМІЖ аға жедел уәкілі Мұхан Болатхан.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”