Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы "Қағба": Рамазан айында қасиетті орында мінәжат ететіндер көбейген

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан Хорасан ата кесенесіне жұртшылық көптеп барады. Қасиетті орынның аурасы ерекше, адамның бойына белгісіз сезімді ұялатады. Ең бастысы мұнда Меккедегі Қағбаның көшірмесі бар. Осында ағылған көпшілік бабаның әриуағына сиынып, дұға-тілектерін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хорасан ата кесенесі Жаңақорған ауданы орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Соған қарамастан қасиетті мекенді тамашалап, ғибадат етуге баратындардың саны көбеймесе, азаяр емес. Оның үстіне бабаның ұрпақтары барар бағытқа тақтайдай тегіс асфальт төсеп, қажетті белгілерді орнатып қойған. Яғни алыстан ат терлетіп келген жандар жол азабына қалып шаршамайды.   

Тарихтан білетініміздей, Хорасан атаның шын есімі - Әбдіжалил Баб. Шамамен ҮІІІ ғасырда өмір сүрген данышпан тұлға. Қазақ жерінде ислам діні мен мәдениетінің таралуына атсалысқан ойшыл. Ежелде өзінің әділеттілігімен, шешенділігімен дараланған патша болған. 

Рамазан айы басталғалы қасиетті кесенеге зиярат етушілер қатары артқан. Біреуі бабадан тілек тілей келсе, енді бірі Хорасан атның әруағына сиынуға ат басын бұрады. Биліктегілер бұл нысан ішкі туризмді дамытуға септігін тигізіп отырғанын айтады. Қонақтар өзге облыстармен қатар, шетелден де ағылып жатыр. 

Ақтөбе облысының тұрғыны Жанар Шырдаулетова жыл сайын отбасымен осында зиярат етуге келетінін айтады. ІІ топ мүгедегі бабадан деніне саулық тілеп, жақындарының амандығы үшін мінәжат етеді, Садақасын беріп, әруақтардың рухына Құран бағыштайды. 

"Хорасан ата кесенесіне жыл сайын келуге тырысамыз. Бұл жақтың ауасы өзгеше. Бұрынғы өткен дәуірмен қайтадан қауышқандай боласың. Біздің ата-бабамыз ежелден қасиетті кісілердің әруағынан көмек сұраған. Қанша уақыт өтсе де бұл наным - сенім жоғалған жоқ. Қолымыздан келгенше қасиетті жерлерді аралауға шығамыз", - дейді мүмкіндігі шектеулі жан. 

Хорасан ата кесенесіне келген кісілер бірнеше талаптарға сай болуы керек. Мұсылмандық парызға сай ғұсыл дәретіні бар азаматтардың келгені дұрыс. Әйел адамдардың басында орамалы, денесі толықтай жабық болуы шарт. Бұл ережелердің сақталуын қадағалайтын кесене шырақшылары да бар. 

Зиярат етушілер алдымен Хорасан атаның бейітіне барып, Құран бағыштайды. Мұнан соң бабадан тараған ұрпақтарының бейітіне барып мінәжат етеді. Мұнда қасиетті тұлғаның балалары мен бауырлары жерленген.    

Хорасан ата кесенесінің өзге жерлерден ерекшелігі мұнда Меккедегі қасиетті "Қағбаның" көшірмесі бар. Бұл нысанның бұл жақта пайда болуына қатысты ауыз-ауыздан айтылып жүрген аңыз да қиял-ғажайыпқа толы.

«Ертеде Хорасан атаның баласы Хусаин өте ақылды әрі тапқыр азамат болған екен. Әкесі Хорасан ата әр аптаның қасиетті жұмасында «Тотықұс» аралынан Ақмаямен желдей ұшып, Меккеге барып Бамдат намазын өтеп қайтады екен. Осыны байқаған Хусаин әкесіне: «Сіз қаласаңыз, Меккедегі Кагбаны осында көшіріп әкелейін. Сол кезде жұма сайын әуре болып жүрмейсіз» -деген екен. Сонда Әбдіжәлел баб баласын сынау үшін келісімін беріпті. Бір күні таңертең баласы үйге кіріп: «Әке, Кагбатны әкелдім, қай жерге түсіргенім дұрыс» - деп сұрайды. Баб сыртқа шықса, үй бойындай биікте кілем үстінде Кагба тұр екен. Сонда Хорасан ата: -Балам сені сынайын деп едім, құдіретіңе сендім. Жерге түсірме Қағбаның көлеңкесін сызып алайын, өзін қайта орнына апарып қой. Бұл жерде аяқ асты болады ғой. Өз орнында тұрғаны дұрыс", - дейді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Кагба сол сызып алынған көлеңкенің орнында пайда болады. 

"Бұл аңызды әр адам әртүрлі айтады. Дегенмен бұл ежелден келген әңгіме. Меккеге бара алмаған адам осы "Қағбаны" 7 рет айналса "кіш Қажы" атанады дегенге сенетіндер де бар. Кейбір кезде осындай әрекетті жасап жатқандарды көрсек, дереу тыйым саламыз. "Қағба" біреу ғана, ол Меккеде. Бұл аңыз аясында салынған нысан. Дегенмен, бұл жердің де қасиетін жоққа шығаруға болмайды", - дейді шырақшы Мұрат Жанәлі. 

 

Хорасан ата кесенесінде де суы шипалы құдық бар. Жаздың аптаған ыстығында шөлді қандыруға болады. Сондай -ақ, бұл су көптеген тері ауруларына ем болады деген сенім бар. Арнайы жуынатын орын да қарастырылған. Суды алып кетемін деушілерге ешқандай шектеу жоқ. Арнайы намазхана мен қонақ үйде қарастырылған. 

 "Қағба" көшірмесінің ішіне кірсеңіз, ежелден келе жатқан тастарды көруге болады. Қанша уақыт өтсе де сыны кетпеген. Сенім бойынша, тасты ұстап, іштей айтылған тілек міндетті түрде орындалады екен. 

Қазір кесенеге атбасын бұратындар көбейген. Рамазан айында зиярат етіп, садақа берушілердің артатын мезгілі дейді шырақшылар. Коронавирус індетіне байланысты барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып отыр. Сол себепті бір мезетте топырлаған адамды ішке кіргізуге рұқсат жоқ. Соның өзінде өзініңи кезегін

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр