Қызылордада ардагерлер кеңесінің II пленумы өтті
Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаевтың "XIII қалалық конференциядан бергі уақытта атқарған жұмыстары жайлы" баяндамасы пленумда тыңдалды.
Кеңес төрағасы баяндамасында ардагерлердің әлеуметтік, экономикалық, материалдық, рухани жаңғыруларын жақсарту, бастауыш ұйымдардың жұмысын барынша жандандыру, оның беделін, белсенділігін арттыру, ұрпақтар сабақтастығы, жастар тәрбиесі, жанұя беріктігін сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәрбие саласында атқарылған жұмыстарды атап көрсетті.
Пленум барысында қала әкімі Асылбек Шаменов биыл мерейтойларын атап өткен бірқатар ардагерлерге сый-құрмет көрсетті.
Айта кету керек, қазіргі таңда қалалық ардагерлер кеңесінде 223 бастауыш ардагерлер ұйымы, 31 365 зейнеткер – ардагерлер есепте тұрады. Оның 860-ы тыл ардагері болса, 200-і Ауған, Семей-Невада, Чернобыль ардагері.
Талқылау

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
Қазір ол Тимур Кулибаевқа тиесілі компанияның бас директоры қызметін атқарады

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
Желі қолданушысы: "Тез келіп үлгеріп қалыңдар. Кейін менсінбей кетуіміз мүмкін”