Қызылордада төрт жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті
Қызылордада көпқабатты үйдің үшінші қабатынан төрт жастағы бала құлап кетті. Оқиға Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Негізінен мұндай жағдай баланың қадағалаусыз қалуынан болады. Былтыр 10 бала терезе және балконнан құлап кеткен. Оның 2-еуі көз жұмды. Биыл мұндай бір жағдай тіркеліп отыр. Мұндай оқиғаларға ата-ананың баланы бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы себеп. Кейбір азаматтар балалардың терезе алдында ойнауына назар аудара бермейді", – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Ведомство мәліметінше, қаладағы көпбалалы және жалғызбасты 7 отбасыға 10 шектеу құрылғысы (блокиратор) орнатылды. Оған "Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалы демеушілік көрсетті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”