AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында төрт адам конго-қырым безгегінен көз жұмды

Қызылордада конго-қырым гемморрагиялық безгегінен төрт адам көз жұмды. Қазір аймақта вирус жұқтырғандар саны көбейген. Ал ажал құшқандардың үшеуі 30 жастан асқандар болса, біреуі 11-сынып оқушысы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

кене

Вирустан көз жұмғандар Жалағаш, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында тіркелді. Қауіпті дертті жұқтырған 10 адам қазір ем қабылдап жатыр. Ал олармен байланысқа түскен 211 адам бақылауға алынған. 

Осы жазда кене (вирус таратушылар) шағу деректері үш есеге көбейген. Сонымен қатар вирустың тарау картасы да кеңейген. Ал санэпидемиолог мамандар барлық аймақтарда зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілгенін алға тартты. 

"Науқастармен байланыста болған 211 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың арасында дертке шалдыққандар анықталған жоқ. Барлық ошақтарда энтомологиялық зерттеу мен дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауыл шаруашылығымен шұғылданатын және үй жануарларын асырайтын аймақ тұрғындарынан арнайы киіммен жұмыс істеуді сұрайды. Табиғат аясында демалған кезде кене үркітетін арнайы репелленттерді пайдаланып, ақ түсті киім кию керек. Ең бастысы өз-өздеріңізді емдеуге тырысыпаңыздар", – деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қоғаммен байланыс бойынша бас маманы Айман Жанахаева. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр