Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада сексуалды құлдықта болған қыздың ісі бойынша сотталған жігіттің туыстары үкіммен келіспейтінін жеткізді

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушының ісіне қатысты жаза арқалаған Бексұлтан Тыныстың туыстары үкіммен келіспейтінін айтып, шағымданды. 21 жастағы жігіт жәбірленушіден қомақты қаражат бопсалады деген айыппен төрт жарым жылға сотталған. Ал айыпталушының анасы судья ешқандай дәлел-дәйексіз, не куәгерлерсіз тек қыздың арызына сүйеніп шешім шығарды дейды. Сондықтан олар баламыз ақталсын деген талаппен сотқа жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қызылордадағы атушылы іс бойынша әзірге бір ғана жігіт жазаланды. Алайда сотталушының туыстары сот шешімімен келіспейді. Олардың айтуынша, 21 жастағы жігіт оқушы қызға тиіспеген. Себебі, оның кәмелет жасына толмағанын біліп, қызметінен бас тартқан. Бұл деректі сараптама қорытындысы да растады. дейді сотталушының жақындары.



"Қыз кірген кезде балама жап-жас көрініпті. Жасың нешеде деп сұраған екен жасым 19-да депті. Сен жасырып тұрсың бірдеңені деген. Сосын мен 2007 жылғымын деген. Сосын сен жассың ғой, мұндай болмайды деп шығып кетіпті", – дейді сотталушының туысы Күләйша Байдүйсенқызы. 

Сотталушының жақындарының сзінше, Бексұлтан мен қыз бір рет ғана жолыққан. Бірақ оқушы қыз жігіттің үстінен полицияға 700 мың теңге бопсалады және қалтамдағы 35 мың теңгені тартып алды деп арызданған. Ал бұл айыптаулардың бірде-бірі сотта дәлелденбеді, дейді сотталушының анасы

"Біз үш сотта да болдық. Үш сотта да ешқандай дәлелдемелер жоқ. Тек қана бос сөздер, айғақ та жоқ. Тек қана сол қыздың бос сөздері. Менің қалтамнан 35 мың теңге алды, Ұйымдасқан қылмыспен күрес деп 700 мың теңге талап етті деген. Психологиялық, моральдық тұрғыдан шаршадық. Тек қана балам аман шықса болды. Жазықсыздан жазықсыз соттауға жол бермеймін", – дейді сотталушының анасы Айгүл Әбдіхалықова. 

Айта кетейік, сексуалдық құлдықта болған қызылордалық 16 жастағы қызға қатысты іс бойынша кейбір іс тергеуде, ал кейбірі сотта қаралып жатыр. Ал қызды бопсалады деген айыппен сотталған Бексұлтан Тыныстың жақындары аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Сондықтан облыстық соттың өкілдері әзірге жауап бермейміз, дейді. 

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха аталмыш іс бойынша 13 күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз сараптама кезінде қысым көргенін айтып шағымданған еді. 

Еске салсақ, бұл іс бойынша сот үкімімен Т "бопсалау" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушының бұған дейін соттылығының болмауы және жігіттің жасы (21 жас) жеңілдететін жағдайлар болып танылған.

Талқылау