Қызылордада оқу жылының басталуына аз қалса да шатыры ұшып кеткен мектепке жөндеу жүргізілмеген
Қызылордадағы Тасбөгет кентінде шатыры ұшып кеткен екі мектепте әлі күнге құрылыс жұмыстары басталмаған. Тұрғындардың сөзінше, қазір төбеде қалған жабын қатты жел соқса құлап кетуі мүмкін. Ата-аналар шенділердің жайбасарлығының кесірінен балалар қауіпті мектепте оқиды дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тасбөгет кентіндегі №257 мектептептің шатыры 2 ай бұрын қатты жел кезінде ұшып кеткен. Бірақ ғимараттың жабыны содан бері тұр екен. Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалса да, жөндеу жұмыстары басталмаған.
Ал шенеуніктер 2 ай бойы бюджеттен қаражат бөлінгенін күткендерін мәлімдеді. Айтуларынша, қазір мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.
“Қайткен жағдайда да оқушылар өміріне қауіп төнбейтін жерде оқуы үшін жұмыстар жасалады. Алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданады”, – деді Қызылорда қалалық білім бөлімінің бас маманы Қанат Әбдіқадыров.
Екі мектептің шатырын жөндейтін құрылыс компаниялары әлі де анықталмаған. Сөйте тұра білім ұяларының басшылары 1-қыркүйекке дейін ғимараттың кем-кетігін қалыпқа келтіруге уәде берді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді