Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Желіде Қызылордада мұғалім әріптесін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды", – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.

"31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр", – деп толықтырды ведомство.

Талқылау