Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатаң ескерту алды: "Коронавирус пен пневмониядан бір минутта айықтыратын" қызылордалық емшінің қызметі тоқтатылды

Қызылорда қаласының тұрғыны коронавирус пен пневмонияны "емдеудің" ерекше әдісін тапты. Оның дәстүрлі емес медицина әдістері түсірілген видео желіде тарады. Аталған оқиғаға қатысты Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Қызылорда қаласында өзін емшімін деп таныстырған Кенжебай Тоғызбаевтың "адамдарды коронавирус пен пневмониядан бір минутта емдеп шығарамын" деген бейнежазбасы әлеуметтік желіні шарлап кеткені хабарланған еді.

Емшінің емдеу процесі адам шошытарлық. Тарап жатқан жазбаларда Кенжебай Тоғызбаев науқастанғандарды жатқызып қойып, адамдардың арқасын аяқпен басып береді. 

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде видеоға түсініктеме берді.

"Қызылордада әлеуметтік желілерде коронавирус пен пневмонияны емдейтін өзін-өзі жарнамалаған емші түсірілген видео пайда болды. Жергілікті полиция қызметі видеодағы азаматтың мекен-жайын анықтап, факт бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналған көпшілікті таратып жіберді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы карантиндік талаптарды қайталап бұзған жағдайда болашақта әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы қатаң ескертілді. Қазіргі уақытта бұл мекен-жай бойынша жаппай жиналыстар тоқтатылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр