Қызылордада көпбалалы ана экс-күйеуін өлтіру үшін жендет жалдаған

Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған әйел 7 жарым жылға сотталды. Ол өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында – бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынына тапсырыс берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап. 

жендет

Және осы қызметі үшін 20 мың доллар көлемінде сыйақы төлейтін болып келіскен. Түркістандық азамат экс-жұбайының көзін жоюға бекінген азаматшаның қылмыстық пиғылын полицейлерге жеткізген. Тәртіп сақшыларының айтуымен киллер пышағын жалаңдатып, өлген кейіп танытқан күйеуінің үстіне қан жағылған фотосуретті тапсырыс иесіне жібереді.

Қылмыстық ойы толық орындалғанына көзі жеткен әйел бұрынғы жарының атына тіркелген мүліктер балаларына мұра ретінде өткесін, келісілген гонорарын беретінін айтады. Осы ретте оны тәртіп сақшылары қолға түсірді. Айыпталушы мен жәбірленушінің ортақ 4 баласы бар. Сотталушының кәмелетке толмаған қызы енді әкесінің қамқорлығына өтеді. Қалғандары ересек.

"Адам қылмысқа дайындалғаны үшін аталған баптың ең жоғарғы шегінде көрсетілген жазаның тең жартысында көрсетілген жазадан асыруға болмайды. Бұл жерде 20 жыл көзделген болса оның тең жартысы 10 жыл. Сотталушының қылмыстық жазасы мен жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жай болмаған кезде ең жоғарғы шекте көрсетілген жазаның 4 тен 3 бөлігінен асыруға болмайды. Бұл жерде 10 жылдың 4 тен 3 бөлігі 7 жыл 6 айды құрайды", - деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Боксшы, тіпті, Геннадий Головкинге жекпе-жекті өткізетін күнді ұсынды

Татар қызына ән арнады: Димаштың ерекше ықыласына бөленген қыз кім?

Қыздың есімі - Лейсан Сейтназарова

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты
Çàãðóçêà...