Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада көлігімен аялдамада тұрған 4 адамды қағып өлтірген студентке сот үкімі шықты

Қызылордада аялдамада тұрған төрт адамды қағып, мерт қылған көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

дтп

Жол апатына себепкер жиырма бір жастағы студент тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, былтыр күзде қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік аялдамаға соғылып, онда тұрған  5 адамды қағып кеткен, 3 тұрғын оқиға орнында қаза болған, тағы біреуі ауруханада көз жұмды және 31 жастағы әйел ауыр жарақат алған.

Атап айтқанда, үш оқушы мен 55 жастағы азамат көз жұмған.

Жеті айдан кейін өткізілген сот көлік жүргізушісіне жеңілдік жасамады. Кінәлі деп танылған студент орташа-ауыр қылмсы үшін 9 жылын түрмеде өткізеді.

Сот отырысы барысында үш жәбірленуі сотталушыға кешірім беріп, оған жеңіл жаза тағайындауды сұраса, ал бір жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Дегенмен, сотталушыдан жауаптылық мен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр