Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада кейуананы туған баласы ұрып тастаған

Қызылордада ер азамат өзінің туған анасын соққыға жыққан. Ең сорақысы, ол бұған дейін де кейуананы бір емес, бірнеше рет ұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

әжей

32 жастағы азамат ішімдікке сылқия тойып алған күйі анасын ұрып тастаған. Төзімі таусылған зейнеткер үйінен бас сауғалап, күйзеліс орталығына пана сұрап барыпты. Қазіргі таңда оның қатыгез ұлына қатысты іс қозғалыпты. Десек те мұның өзінде әжей баласын жазаламауды өтініп, оның ішімдікке тәуелділігін дәрігерлер емдеп шықса дейді. 

Айта кетейік, карантин басталғалы бері Қызылорда облысында 160-қа жуық отбасылық жанжал тіркелген. Оның біреуінің арты өлімге алып келген. 

Бұл туралы жергілікті полиция басқарма басшысының орынбасары Бақыт Молдабеков пікір білдірді. 

"Қазір "Зорлыққа жол жоқ" іс-шаралары жүргізілуде. Үйдегі ұрыс керістердің 70%-ы алкогольдың кесірінен орын алады. Қазір біз профилактикалық тіркеуде тұрған азаматтарды тексерудеміз. Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз", - деді Молдабеков. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр