Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада інісінің қылмысы үшін зейнеткердің үйін тартып алғалы жатыр

Қызылордада бауырының қылмысына түк қатысы жоқ алпысқа таяған ана балаларымен далада қалғалы тұр. Осыдан екі жыл бұрын аты шулы мұнай ұрлығына қатысты сотталған 21 адамның бірі Кенжетай Басықараевтың әпкесі "үйімді ұрлықпен тапқан ақшаға алынған" деп сот орындаушылар мемлекет меншігіне өткізбек екенін айтып жыларман күйде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәулегүл Басықараева қазір отбасымен тұрып жатқан үйін 12 жыл бұрын маңдай теріммен тапқан ақшаға сатып алдым дейді. Тек кірпіші қаланған баспананы несие алып, өз еңбектерімен салғанын айтады. Бұл үйде қазір 9 адам тұрады. Кейуана сот орындаушылар бала-шағаммен қуып шықпақшы деп шағымданды.

"Бұл іске еш қатысым жоқ, бірақ сот орындаушылар бізге шешім шыққанын айтады. Үйімізге келіп, тыныштық бермей жатыр", - деді Сәулегүл Басықараева.

2018 жылы Қызылордадағы мұнай ұрлығына қатысы бар 21 адамға сот үкім шығарған еді. Солардың ішінде Сәулегүлдің інісі Кенжетай Басықараев 10 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Ол "бауырым жазасын өтеп жатса да, сот қылмысқа ешбір қатысым жоқ менің үйімді тәркілегені әділетсіздік" - дейді. 

Ал Сәулегүлден қайта-қайта үйін босатуды талап етіп жүрген сот орындаушысы үкімді орындау міндеті екенін айтты.

"Басықараевтың қылмыстық жолмен мүлкі үшінші тұлғаның меншігінде тұрған. Үкім бар тәркіленсін деген. Бізде тізімде бар, мына үйлер, мына мекен-жайлар деген", 

Ең қызығы, тәркіленген үй қазір банктің кепілдігінде екен. Бұл мәселе бойынша үкім шығарған соттағылар пікір білдіруден бас тартқан. 

Ал өз ақшама алған үйім деп отырған Сәулегүл Басықараева жоғары соттан үміт күтеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2020 16:32
Талқылау