AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада Гүлшара Әбдіқалықова ашқан зауыт жарты жыл өтсе де, әлі іске қосылмаған

Былтыр желтоқсан айында Қызылордада шыны зауытының ашылу салтанаты өткен еді. Зауыттың лентасын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен сол кездегі облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қиған еді. Кейіннен Әбдіқалықованың "енді 3 айдан кейін зауыттан алғашқы өнім шығады" деген сөзі ел есінде. Бірақ содан бері жарты жылға жуықтаса да, кәсіпорын әлі күнге іске қосылмапты. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ашылу салтанатынан скриншот

Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы қым-қиғаш оқиғаларға толы. Зауыт құрылысы жүріп жатқан тұста оған бөлінген ірі көлемдегі ақшаны жымқырды деп, Қуандық Бишімбаев сотталған еді. Бишімбаев қазір бостандыққа шықты, ал зауыт әлі өнім шығарған жоқ. Облыстың да бір емес, үш бірдей әкімі ауысты. Әр әкім "әне-міне зауыт ашылады" деп жүргенде он жыл өтті. Ал өткен жылдың 8-желтоқсанында сенат төрағасы мен сол кезде облысты басқарған Гүлшара Әбдіқалықова өндіріс орнының пешін жағып, зауытты салтанатты түрде ашып кеткен еді. Сөйтсе де, зауыт іске қосылмай қалыпты.

“Біздікі дәнекерлеу жұмыстары ғой. Трубаларды, басқаларын. Зауыт әлі қосылмаған ғой. Енді қосайын деп жатыр ғой. Тоқтарын, басқасын енді жалғап жатыр ғой”, – дейді жалдамалы жұмысшы Болат Жұмаділдаев.

Қазір 100 пайыз акциясы қытайлық компанияның иелігіндегі кәсіпорынға бөтен адамды кіргізбейді.

Айналасын тікенекті сымдармен қоршап тастаған. Ал зауытты салуға тапсырыс берген компания өкілдерінің сөзінше, кәсіпорын жұмысын бастауға қыста дайын болған.

“Біз дайын болдық. Төрт горелкамен асықпай үш ай қыздыруға болатын еді. Бірақ бір өшіріп, бір қосқаннан кейін күйіп кетті. Ол да моторлы зат қой. Кез келген жерде сатылмайды. Оны арнайы жинайтын заттар да”, – дейді Ержан Сағынбаев"Orda Glass LTD" ЖШС төрағасының орынбасары.

Яғни салтанатты түрде жағылған алау ұзақ жанбаған сияқты. Ал жауапты мекемелер зауыттың алғашқы өнімі жазда шығады деп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр