Қызылордада ер адамды ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен азамат ұсталды
Қызылордада ер адамды ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен азамат ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.
”24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Хабарлама бойынша, полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды”, – делінген ақпаратта.
- Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен күдікті ұсталды
- Оралдық кәсіпкерді қатігездікпен өлтірген екі азаматқа сот үкімі шықты
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106 - бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр.
“Бұл қылмысқа күдіктелген азамат оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн - жайлары анықталып жатыр”, – деп қосты полиция.