Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада екі апталдай азамат перзентхананың егде жастағы күзетшісін тепкілеп тастады

Қызылорда қаласындағы перзентханада жаға жыртыс төбелес болды. Екі апталдай азамат перзентхананың жалғыз күзетшісін жер-жебіріне жетіп балағаттап, аяусыз соққыға жықты.

Қызылордада екі апталдай азамат перзентхананың егде жастағы күзетшісін тепкілеп тастады

Жағасына жармасқан жігіттердің біріне бірінші болып соққы бергені сол еді күзетшіні екі жігіт ұрып тастады. Жалғыз жанды жабыла ұрған екеу өзгелердің тоқтау салғанына да қараған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелес кезінде ғимарат ішіндегі заттардың сынып жатқаны естіледі. Екі азамат күзетшіні тепкілеп қана қоймай, үстіне орындық лақтырып жатқанын куәгерлер түсірген видеодан көруге болады. 

Перзентхана басшылары жанжалдың екі жігіттің ішкі тәртіпке бағынбағанынан басталды деп отыр.

"Уақытынан кеш келгендіктен және үстерінен алкогольдің иісі шығып тұрғандықтан ол екі азаматты ішке кіргізген жоқ. Содан жалжал туды", - дейді қаладағы "Ана мен бала" перинатарлық орталықтың басшысының орынбасары Ләззат Сапарбаева.

Полиция департаменті күзетшіні соққыға жыққан екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Екі жігіт Байқоңыр қаласының тұрғындары екені айтылды.

Талқылау