Қызылордада "Дарын" орталығының бас есепшісі 50 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Қызылордада "Дарын" қосымша білім беру орталығының бас есепшісі бюджет қаражатынан жеке шотына 50 миллион теңге аударды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Қызылорда облысының прокуратурасы мемлекеттік бюджеттен қаражат ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
“Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс қозғады”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Заңбұзушылық бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығы мен тиімділігіне жүргізілген талдау кезінде анықталды. Күдікті іссапар шығыны мен жалақыға арналған ақшаны жымқырған.
Бұған дейін Шымкенттегі денсаулық сақтау басқармасынан 2 миллиард теңгеге заңбұзушылық анықталған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"