Қызылордада бір топ жігіт оқушыға жабылып, тепкінің астына алды

Қызылордада көпқабатты үйдің жанында бір топ жігіт мектеп оқушысына жабылып, ұрып-соқты. Кәмелетеке толмаған жасөспірім соққыға төтеп бере алмай, жерге құлса да қаскөйлер сабауын тоқтатпады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Төбелес болған сәтті көпқабатты үй тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алған. Кадрларда мектеп оқушысы асфальтта жатқанын көруге болады. Оны кемінде сегіз адам тепкінің астына алды. Бұзақылар тек көшеде өтіп бара жатқан әйелдің айқайынан кейін ғана тоқтап, жан-жаққа бытырай қашты.
Полиция мәліметінше, шабуыл жасағандардың барлығы анықталды. Алайда әзірге оқиғаның толық мән-жайын айтпай отыр. Тек бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.
“Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқандар жедел түрде анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады”, – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Айсұлтан Серіков.
- Шымкентте жол үстіндегі жанжал жаппай төбелеске ұласты (видео)
- Шымкентте жол апатынан кейінгі дау төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты
Бұған дейін Түркістан облысында бір топ адам 20 жастағы жігітке жабылып, соққыға жыққан еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды