Жамбыл облысында перзентханада көз жұмған әйелдің өліміне қатысты тексеріс басталды

Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына қатысты жоспардан тыс тексеру бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеруге аталмыш перзентханада босанған жас ананың қайтыс болуына байланысты қайғылы жағдай себеп болған.
“Тексеру шеңберінде медицина қызметкерлерінің барлық кезеңдегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін тиісті органдарға берілетін болады”, – делінген министрлік хабарламасында.
Астанада 9 айлық сәби ауруханада емделу кезінде күйіп қалған
Министрлік тексеру нәтижелері қосымша хабарланатынын атап өтті.
“Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің қауіпсіздігі қағидаттарына және медициналық этика талаптарының бұзылуына мүлде төзбеушілік ұстанымына берік екенін атап өтеді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында тағы бір әйел перзентханада көз жұмғаны туралы жазған едік. Марқұмның туыстарының айтуынша, дәрігерлер әйелді "40 мың төлемегенсің" деп қайтарып жіберген көрінеді. Марқұмның артында 5 жасар қызы мен 1 айлық сәбиі қалды.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде