AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында газ жарылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"19 шілдеде сағат 07:20-да Қызылорда қаласы Ы.Алтынсарин көшесі 64 үйде орналасқан "Пумба" балалар ойын-сауық орталығының 2 қабатында жалпы ауданы 400 шаршы метр еден жанып кеткен. Өрттің салдарынан ауданы 200 шаршы метр болатын 1 қабатты от жалмаған. Жалын 07:44-те оқшауланып, 08:15-те толығымен ауыздықталды", – делінген хабарламада.

Жарылыс салдарынан 50 шаршы метр аумақтағы ағаш бастырма мен сарайды құлатып, көрші үйдің терезелеріне зақым келген.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі – табиғи газдың ағуы. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 42 қызметкер мен 11 техника, жедел құтқару тобының 6 құтқарушысы және 1 техника аттанған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр