Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада әжетханадан шақалақтың мәйіті табылды

Қызылордада жеке үйдің ауласында орналасқан әжетханадан шақалақтың мәйіті табылды. Ақмаржан мөлтек ауданындағы үй иесінің  23 жастағы қызы тастады деген күдік бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды. 

Баланың анасы ұсталып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Төтенше жағдай департаментіне қоңырау полицияның кезекші бөлімінен түскен. Оқиға орнына жеткен 6 құтқарушы түн жарымында сәбиді әжетханадан алып шықты. Бірақ туыла салып нәжіске түскен шарананың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмапты. 

"Құтқарушылар нәрестені шығарып алып, тергеу тобының қызметкерлеріне табыстады. Сол үйдің қызы нәрестені қалдырып кеткен. Қазіргі таңда көп бейінді облыстық медицина орталығына жатқызылды", - дейді Қызылорда облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.

Бойжеткеннің жүктілігінен дәрігерлер де бейхабар болған. Айтуларынша, сәуір айынан бері медициналық мекемеге ат ізін салмапты. Денсаулығына да шағым айтып келген емес деп отыр.  

"23 жасар тұрмыс құрмаған қыз. Ол бізде 452-бұйрық бойынша сәуір айында 2020 жылы тексерілген болатын. Жүктілігі анықталмаған. Диспансерлік есепте тұрмайды", - дейді №6 Қызылорда қалалық еманасының дәрігері Айгүл Әкімтаева.

Баласын әжетханада босанған қыздың өзімен тілдесе алмадық. Бірақ құзырлы орын қызметкерлеріне арам ойының болмағанын, дәрет алу мақсатында барғандығын айтқан. Дегенмен, қазір қылмыстық кодекстің «жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабы бойынша тергеу басталған.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен қозғалды. Тергеп-тексеру жүргізілуде", - дейді Қызылорда облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.

Бір өкініштісі, кейінгі кездері мұндай келеңсіздік жиілеп кетті. Бұл соңғы бір аптадағы тіркеліп отырған үшінші жағдай. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны жаңа туған нәрестесін дәретханаға тастаған еді. Ал Павлодарда 1 жастан асқан баласын аялдамаға қалдырған ана ісі де тергеуге алынды. Абырой болғанда павлодарлық нәрестені өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, аман қалды. Қазір әжесінің қамқорлығына өткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр