Қызылордада ауыл тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі хабарлады.
Мәлім болғанындай, Қожамберді ауылының 44 жастағы тұрғыны Асылбеков Абайхан 18 қыркүйекте таңғы сағат 5:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.
"Үстінде қара спорттық киім болған, аяғына ақ кроссовка киген. Хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша қандайда бір мәлімет болған жағдайда Жаңақорған ауданының Полиция бөліміне, 8-(72435) 24-1-55, 24-1-58 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”