Қызылордада 4 жасар ұлын құтқармақ болған әкесін автобус қағып мерт қылды
Қызылордада автобус екі адамды қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Апат күндіз Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 жасар бала жол бойында дұрыс емес жерден жүгіріп өткен. Әкесі баланы құтқарғысы келді. Бірақ дәл сол сәтте жолаушылар автобусы оларды қағып кетті.
«Баланың әкесі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал зардап шеккен нәресте балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Автобус жүргізушісінің жеке басы дереу анықталды. Сараптама тағайындалды. Іс бойынша тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады полициядан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"