AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 17 ақбөкенді атып алған браконьер ізін суыту үшін көлігін өртеп жіберген

Қызылордада облыс орталығының тұрғыны 17 ақбөкенді атып алған. Ер адамның көлігінен 57 дана мүйіз табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақбөкен

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің" мамандары "Охотзоопром ӨБ" РМКҚ қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізген еді.

"Кезекті іс-шара барысында Жалағаш ауданына қарасты Жырық атты скважина маңында "Тайота ланд крузер-100" автокөлігі күдік тудырды. Белгісіз тұлға оқиға орнынан ізін суытуға әрекеттенді. Көп ұзамай Жалағаш ауданына қарасты Қызылшын деп аталатын жерде оның көлігі өртенгендігі байқалды. Сол жерден барлығы 17 бас ақбөкеннің өлі денесі және 54 дана мүйізі табылды. Ол айғақ зат ретінде алынды. Жалағаш аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, сол маңды қарау барысында Шақшақ деп аталатын мал ауылынан күдік келтірілген Қызылорда қаласының тұрғыны анықталды", – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері. 

Ведомство мәліметінше, оқиға бойынша мән-жайды қарап, шара қолдану үшін құжаттар мен айғақ заттар Жалағаш аудандық полиция бөліміне өткізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр