Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының экс-әкімінің ісі сотқа жіберілді

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қызылорда облысының экс-әкіміне және облыс әкімдігінің басқа лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеумен аяқталды. Іс №2 Қызылорда қалалық сотына жіберілді", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Бұған дейін Интернетте Қуанышбек Ысқақовтың тұтқындалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оның көмекшісі, кәсіпкер туысы және тағы бір кәсіпкер бірге ұсталғандығы туралы хабарланды. Содан кейін ресми ақпарат болған жоқ.

2020 жылдың наурыз айында Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың үй қамауына алынғаны белгілі болды.

Сонымен бірге оның аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгендігі айтылды (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).

Қуанышбек Ысқақов 2019 жылдың маусым айында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін ол үш жарым жыл облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп, экономика, қаржы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік етті.

Талқылау