AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі "Жаздық бидай" егін жинау науқанының орақ салу рәсіміне қатысты

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шіркейлі ауылындағы "Жаздық бидай" егін жинау науқанының орақ салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдымен, аймақ басшысы Шіркейлі ауылындағы "Мәді Қажы" серіктестігінің картоп, көкөніс, бақша дақылдары егістігімен танысып, ауыл тұрғындарымен пікірлесті. 

"Мәді Қажы" ЖШС егін және мал шаруашылығымен айналысады. Серіктестік биыл 300 гектар бидай, 400 гектар жаңа жоңышқа егіп, 540 гектар ескі шоңышқаны күтімге алған. Негізгі дақыл күрішті 1900 гектарға бастырған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан 7 гектар қосымша жер дайындалып, 47 отбасыға бөлініп берілді. Жалпы Сырдария ауданы бойынша 150 гектар жерге қосымша егін егілді.  

 Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аймақ басшысына ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Өз кезегінде, аймақ басшысы биыл егіншілік саласына 4,3 млрд.теңге, мал шаруашылығын субсидиялауға 4 млрд.теңге қаржы қаралғанын айтып, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мал басының өскенін жеткізді. Мәселен, Сырдария ауданында ет 100,9%, сүт 100,9%,  мал басы 100-113% аралығында өскен. 

Облыс әкімі Еңбек Ері Абзал Ералиевпен бірге жаздық бидайға орақ салу рәсіміне қатысып, шаруалардың табанды еңбектеріне алғысын білдірді. Дала дүбірін думанға бөлеген шарада ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз Біләл Мақашев өз батасын беріп, лента қию рәсімі өткізілді. 

Айта кетейік, биыл Сырдария ауданында "Күріш өңдеу цехы" ел игілігіне беріледі. Қазір құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қабылдау актісін алу құжаттары дайындалуда. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр