Қызылорда облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
Қызылорда облысындағы қатты жол апатынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында “Газель” және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болған.
Тағы 3 адам жарақат алды.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.
Талқылау