Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды

Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Әкесінің айтуынша, оның қызы кеше кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қыздың ата-анасы және туыстары қызды өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген.

Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеуге  кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды.

“Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті "Үбіс" арнасынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды”, – делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналдағы суға батып кеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
 

Талқылау