Қызылорда облысында жедел жәрдем науқастарға велосипедпен барып жүр

Қызылорда облысын Шиелі ауданында шұғыл бригада шақыртуларға велосипедпен баруға мәжбүр. Тартоғай ауылының ақ халаттылары қазір нағыз тар жолда тайғақ кешіп жүр. Ауыл дәрігерлері жедел жәрдем көліктеріне зар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына хабарлайды.

дәрігер

Жүргізушілердің айтуынша, бүгінде көліктің тежегіші кеткен екен. 17 жыл бойы пайдаланылған техниканың жүргенінен тұрғаны көп. Сондықтан дәрігерлер оған сенуден қалыпты. Ал, Тартоғай ауылында пневмонияға шалдыққан 13 адам тіркелсе, оның 4-уі аудан орталығындағы ауруханада жатыр. Тұрғындар індет кезінде шақыртуға дәрігерлер арнайы техникамен келудің орнына велосипед теуіп жүргендеріне көңілдері толмай отыр.

"Кіріп келеді, шығады, шаң ала сапыран. Мынау қазір больница емес, проходной двор шындап келгенде. Иә мұнда скорый жоқ дені дұрыс, ескі скорый. Мына медиктерді кінәләй беруге де болмайды. Атасына мың да бір рахмет. Күн шақырсаң күн келеді, түн шақырсаң түн келеді, жаяу келеді, велосипедпен келеді болмаса өзімнің көлігімізбен әкелеміз", -дейді Тартоғай ауылдық округының әкімі Досмат Сүйіндік.

Дәрігерлік амбулатория қызметкерлері науқастардың тасымал мәселесі расында қиын екенінмойындап отыр. Тіптен аудан мен облыста отырған басшылар да хабардар дейді.

«Жедел-жәрдем машинасы өте ескі болғандықтан бұзылып, жүруге жарамсыз болып қалады. Сондай кездерде біздің жетуіміз қиын болып, велосипедпен, кейде жаяу, жеке машиналармен барып қызмет көрсетеміз. Аудан, облыс көлемінде ауыр науқастарды жеткізу кезінде енді бір-екі жағдайлар болды жеке таксилерге жағдай айтқан күдеріміз" , - дейді Тартоғай дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері міндетін атқарушы Рақымжан Палымбетов.

Тартоғайлықта ауыл әкіміне де өкпелі. Елді індет жайлаған кезде ол дәрігерлерге де, халыққа да еш көмек бермеді, дейді.

"Әкім тараптан ешқандай көмек жоқ. О баста бұл жерде екі скорый болған. Ойбай деді, жиналыс болып новый скорыйды ауданға алды да кетті. Сол кезде осы әкім өзі жауап берген: мен дейді қараймын, өзім көлік тауып беремін. Бұл жедел жәрдемнің Тартоғайға қажеті жоқ деп шығарып салған", - деп қосты Тартоғай ауылының тұрғыны Бердібек Ершоқаев.

Әкімдіктегілер бұл жағдай туралы пікір білдірді. 

"Ауыстырылған көлік жақсы жүріп тұр қазір. Енді оның жүруі көбіне жүргізушіге байланысты. Оған қоса мобильдік топ құрылған ауылда. Барлық мекеме басшылары, мекеменің көліктері кез-келген уақытта біз жәрдем беруге дайын тұрамыз", - деп мәлімдеді Тартоғай ауылдық округының әкімі Досмат Сүйіндік.

"Кезінде біз осы жерден науқас жіберетін кезімізде, жедел-жәрдем машинасы бұзылып тұрғандықтан біз ол кісілерге звондап та айттық. Бізге көмек керек, машина деп. Ауру жеткізуіміз керек дегенімізде ешқандай көлік тауып бере алмады", - деді Тартоғай дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері міндетін атқарушы Рақымжан Палымбетов.

Әкімнің "халыққа көмек беріп жатырмыз" деген сөзін ауылдың бас дәрігері жоққа шығарды. Тіпті ол аздай індетпен күресіп жатқан ақ халаттыларды сенбілікке шығарып қойған көрінеді.

"Күн демей, түн демей жұмыс жасап жатырмыз. Соған қарамастан 6-шы күні бізге телефонмен звондап, суботникке шығындар деді. Біз қанша шаршап жатсақ та ұялғанымыздан көшеге шығып, мусорларды тазалаймыз, целофан, бакложкалардың барлығын өртеп сөйтіп қайтамыз", - дейді Тартоғай дәрігерлік амбулаториясының лаборанты Шайгүл Қожантаева.

Осылайша Тартоғайда медицина қызметкерлері негізгі жұмысынан бөлек қоқыс жинауға мәжбүр. Ал, Шиелі ауданының бас дәрігері жақын арада ауданға 5 су жаңа жедел-жәрдем көлігі әкелінетінін жеткізді. Оның біреуін осы Тартоғайға береміз деп уәде берді

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр