Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басшылықтың тапсырмасымен: Қызылорда облысында жедел жәрдем көлігі жиһаз тасып жүр

Қызылорда облысында жедел жәрдем көліктері науқастарды емес, басшыларына жиһаз тасып жүр. Жұртқа шұғыл медициналық көмек көрсетуі тиіс қызметкерлердің бұл әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды. Бұл видео әлеуметтік желіге таралып, кейін неге екені белгісіз өшіріліп тасталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап. 

Кадрдан медицина қызметкерлері жедел жәрдем көлігінен қорап-қорап зат түсіріп жатқанын анық байқауға болады. Оның арасында есік пен жұмсақ жиһазға ұқсас заттар да бар.

Видео авторының сөзінше, арнайы формамен жүрген қызметкерлер Қазалы ауданы жедел жәрдем бөлімі басшысының үйіне жиһаз кіргізіп жатыр. Ал облыстық жедел жәрдем қызметіндегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Видеоға қатысты тексеріс жүргізуге жолдың ұзақтығы кедергі деген жауаптылар запастағы машиналар кейде түрлі шараға пайдаланылатынын жасырмайды.

"Бізде шаруашылыққа арнайы көлік бөлінбеген. Тек 24 сағат шақыртуға барып қоймай, ол мекеменің түрлі шарасы бар. Сондай шараға стенд жасаған ғой. Бұл мекеменің ішіндегі оқу құралдары. Бұл шақыртуда жүрген емес, бұзылып қалған жағдайда запаста тұратын көлікті пайдаланған. Қазалы мен Қызылорданың арасы барып, тексеретіндей он минуттық жер емес", - деді Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Закира Абдуллақызы.

Талқылау