Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген полицей қылмыс орнынан қашып кетті

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Полицей қылмыс орынын тастап, қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полицей

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде оқиға 7 наурыз күні кешкі уақытта Жаңақорған кентінде болғанын мәлімдеді. Кінәлі оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жол апатына кінәлі күдікті ұсталды. Күдіктінің полиция қызметкері екені анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деді полициядағылар.

Оқиға кезінде полицейдің ішімдік ішпегені дәлелденді. 

"Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Ұсталғаннан кейін жол апатына кінәлі полицей қызметінен босатылды. Бұл іс Қызылорда облысы бойынша ПД-ның тәртіптік кеңесінде де қаралды. Аталмыш дерек бойынша күдіктіге бағынышты бірқатар полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", –  деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Назархан Уән
Жұма, 11 Наурыз, 2022 12:32
Талқылау