Қызылорда облысында судья бұрынғы күйеулерін әкелік құқығынан заңсыз айырды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысы Арал аудандық сотының төрайымы бұрынғы күйеулерін әкелік құқығынан заңсыз айырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КазТАГ" агенттігіне сілтеме жасап.

"Арал аудандық сотының төрайымы (қазір бұл лауазымды Кәмшат Сәдуақасова атқарады) өзінің заңды жұбайымен ажырасып, облыстың танымал кәсіпкеріне тұрмысқа шығады. Екінші некеде қыз дүниеге келеді, оның биологиялық және заңды әкесі - осы кәсіпкер, яғни сот төрайымының екінші күйеуі. Біраз уақыттан кейін ол облыстың басқа кәсіпкеріне тұрмысқа шығады, ал қызының заңды әкесіне ескертпей оны әкелік құқығынан айырады, содан кейін келесі күйеуі қызының әкесі болады. Бұл заңсыз әрекет - Қызылорда қаласының төрешісі шығарған шешімнің нәтижесі"- деп хабарлады қоғам қайраткері Әсемгүл Қадырхан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, оқиғадан біраз уақыт өткен соң судьяның үшінші күйеуі кенеттен көз жұмады. Марқұм облыстың ірі кәсіпкері болған.

"Ал әйел ортақ "баласының" анасы ретінде мұра талап етеді. Осы уақытта, 2020 жылдың аяғында екінші күйеуі, баланың заңды әкесі өзін әкелік құқығынан айырғанын біліп, балаға заңды құқығын қалпына келтіруді талап етеді. Дәл осы жағдай қоғамдық резонанс тудырды, көптеген бұзушылық мен заңсыздықты қамтыған бұл жаңалық жасырын болып қалуы да мүмкін еді. Бұл оиғада түсініксіз жағдайлар көп. алданған адамдар, тағдырлары бұзылған, қираған отбасылар, күйеулері мен балаларын "жоғалтқан", ата-аналарының ажырасуына байланысты әкесіз өскен балаларын тәрбиелеуге мәжбүр болған әйелдердің эмоциясы мен сезімі, ең бастысы, қорқынышты – бұл сот жүйесінде болып жатқан өрескел заңсыздық", - деп қосты қоғам қайраткері.

Белгілі қазақстандық адвокат Абзал Құспан осы мәселе бойынша Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа жүгінді.

"Жоғарғы Соттың төрағасы ретінде сіз Қызылорда қаласының сот жүйесіне назар аударатын және онда тәртіп орнататын кез келді деп ойламайсыз ба? Шиелі ауданындағы жағдай халықаралық деңгейде талқыланса не болады? Жоғары білімі бар заңгер, судья-әйел басқа судьяның жыныстық зорлық-зомбылығының құрбаны болды – бұл батыстық БАҚ үшін таптырмас тақырып. Қазақстан Республикасының атынан өз пайдасына шешім шығарып, бірден бірнеше отбасының тағдырына әсер еткен әйел-судья туралы айтсам, не айтасыз? Сіз бұған дейін олардың бірін Арал аудандық сотының төрайымы етіп тағайындағансыз. Мұны "пафос" деп санамаңыз - қарапайым халыққа иегінің астымен қарайтын судьялардан арылудың уақыты келді", - деді Құспан

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр