AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында педофил тұтқындалды

Қызылорда облысында екінші сынып оқушысы педофилдің құрбаны болды. Бұл туралы Дина таңсәрі өз Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қыз

Құқық қорғаушының мәліметіне сүйенсек, оқиға Жаңақорған ауданында болған. 

"#НеМолчиKZ қорына анонимді хабарлама  келіп түсті, бұл жағдай туралы пікір білдіруді сұраймыз. Егер қылмыс расымен орын алса, қандай шара қабылданды, кішкентай балаға қандай көмек көрсетілді?", - деп жазды автор.

Бұдан кейін Дина Таңсәрі анонимді хабарламаның мәтінін жариялады.

"Бір апта бұрын 2-сынып оқушысы зорланды. Қыздың анасының жүрегі ұстап қалды, ауырып жатыр, әкесі есеңгіреп қалған. Күдікті қызды алдап, мектепке дейін жеткізетінін айтқан. Көлікке отырғызып, алып кетіп, зорлаған. Кейін алып кеткен орнына қайта әкеп тастаған", - делінген хабарламада. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталған дерек сотқа дейнігі бірыңғай тергеу реестрінде  Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелгенін мәлімдеді. 

"Күдікті тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды", - деді полициядағылар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр