Қызылорда облысында қыз тәттіге қақалған інісін құтқарып қалды (видео)
Қызылорда облысында қыз мармеладқа қақалып, тұншығып қалған 5 жасар інісін құтқарып қалды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Арал ауданында болған. Кадрдан Аружан есімді қыздың інісі Абзалдың қақалып қалғанын байқап, жүгіріп шыққанын көруге болады. Ол бірден арқасынан ұрып, еңкейтіп, сілки бастайды. Қуанышқа орай, қыздың әрекеті бауырының өмірін сақтап қалған.
"Жарайсың! Өте батыл қыз! Кейде үлкендердің де қолынан келмейтін ерлікті жасады! Туыстар осындай болу керек! Мектепте балаларға алғашқы көмек көрсетуді үйретсе, жақсы болар еді", – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ