Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында ірі мұнай компаниясына айыппұл салынды

Қызылорда облысында ірі мұнай компаниясына 102 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-ке сілтеме беріп.

мұнай

Бірлескен кәсіпорынға тиесілі Ақшабұлақ кен орнында экологтар атмосфераға азот және көміртек оксидтері шығарылуы бірнеше есе артқанын анықтады.

Жер қойнауын пайдаланушының жылжымалы қондырғыларды қолдануға арналған рұқсат беру құжаттары талаптарға сәйкес келмей шыққан. Экологтардың айыптауларына кәсіпорын мамандандырылған ауданаралық сот арқылы шағымдануға тырысты. Алайда шешім өзгеріссіз қалған.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ілеспе газды жағу экологияға айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан мұндай әрекеттерге тыйым салынады. Біздің департамент жыл сайын ірі мұнай өндіруші компанияларда профилактикалық тексерулер жүргізеді. Жалпы, жыл басынан бері өңірде осындай 52 бұзушылық анықталды. Олардан 744 миллион теңге өндірілді", - деді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Толыбек Әбдіхалықов.

Талқылау