Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында екі бала газдың иісінен уланып, көз жұмды

11 қыркүйекте таңертең Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі жеке үйде газ ағып кетті. Соның кесірінен екі бала көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға орнына бір құтқарушы шықты.

"Алты және үш жастағы балалар уланып, табиғи газдың ағып кеткенінен мерт болды", – деді Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандар газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

"Отбасы уақытша баспана жалдады. Үй иесінің айтуынша, газ плитасының шүмегі ашық болған. Жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылады", – деп мәлімдеді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ.

Талқылау