Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында білім бөлімінің қызметкерлері 1,2 миллион доллар жымқырды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Қызылорда облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтері 1,2 миллион доллар жымқырғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пара

Агенттік мәліметінше білім беру мекемелерінде қызмет етпейтін адамдардың есепшоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге жымқырған. 

“Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі ақша жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Одан 14 пәтер, 7 коммерциялық үй, 2020 жылғы Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі және зергерлік бұйымдар тәркіленді.  

Талқылау