Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысы бойынша мәдениет басқармасының басшысы пара алды деп күдіктелуде

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алу дерегімен күдіктелуде”, – деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы қызмет. 

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайды.

 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Тамыз, 2021 15:59
Талқылау