Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда маңында адам сүйектері табылды

Қызылорда маңында адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

“Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – делінген полиция хабарламасында.

Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 27 Сәуір, 2023 18:25
Талқылау