Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып журналист тағайындалды
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бақытжан Омаров тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі
Бақытжан Омаров 1987 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "халықаралық қатынастар" және "журналистика" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы тілшілер бөлімінің редакторы болып бастаған.
- 2010-2011 жылдары – "Qazaqstan" Ұлттық телерадиокорпорациясының тілшісі.
- 2011-2012 жылдары – "Qazaqstan" Ұлттық телерадиокорпорациясының тілшілер бөлімінің аға тілшісі.
- 2012-2016 жылдары – ұлттық телеарнаның Түркиядағы меншікті тілшісі, Түркияның телерадиокорпорациясы "TRT"-нің жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі.
- 2016-2018 жылдары – "Qazaqstan" Ұлттық телерадиокорпорациясының аға тілшісі, президенттік пул тілшісі.
- 2018-2020 жылдары – "Хабар-24" телеарнасының жаңалықтар бөлімінің бас редакторы.
- 2020-2021 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі.
- 2021-2025 жылдары – Түркияның Анкара қаласында орналасқан Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі қызметін атқарды.
- 2025 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.
Жаңа қызметінде ол қоғамдық даму, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру, спорт және туризм, мәдениет пен тілдерді дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай облысының әкімі болғанын жазған едік. Берік Уәли 1997 жылы Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.