Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда балабақшасында балаларға мерзімі өтіп кеткен дәрілер берген

Қызылорда балабақшаларындағы балаларға мерзімі өтіп кеткен дәрілер берілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

дәрі

Бұл мектепке дейінгі мекемелерді тексеру кезінде анықталған. Тексерушілер тіпті кейбір дәрілердің ересектерге арналғанын да анықтапты. Ал қоймалардан іріп-шіріп кеткен жемістер мен сүт табылған. 

Азық-түліктің қандай күйде екендігін көрген мамандар жағасын ұстаған. Екі мың литр сүттің жарамдылық мерзімі 25 мамырда өтіп кетіпті. 

"Балабақша жалпы 140 балаға арналған. Қазіргі таңда бізде 70-80 бала болып тұр. Біз заттың бәрі тендермен аламыз. Мамыр айына дейің біз 140 баламен есептеп, алып қойғанбыз. Бірақ бізге кәсіпкер ауыстырып беріп жатыр",  - дейді Қызылорда қаласы №8 "Бүлдіршін" балабақшасының меңгерушісі Жаңылсын Сатыбалдықызы. 

Ал "Бегім ана" балабақшасындағы жағдай бұдан да сорақы. Мұндағы медпунктте мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен дәрілер сақталғаны аздай, балаларға беріліп келген. Арасында гипертонияға шалдыққан ересектерге арналған дәрілер де бар. Ал медбике бұл препараттардың балабақшада қалай келгенін өзі де білмейді.  

"Балабақшаларда 2014, 15-16 жылғы жарамдылық мерзімдері біткен дәрі-дәрмектер сақтаулы және пайдаланып жатыр. Балаларға беруге тыйым салынған түрлі дәрі-дәрмектерде сақтаулы. Медбикелер нақты, не үшін сақтаулы екеніне де жауап бере алмады. Бірақ балаларға беретіндерін айтып отыр. Сонымен қатар, ойыншықтар өте аз. Балалардын ешқандай дамуына, ойнауына ешқандай мүмкіндік жоқ", – дейді "Ақмешіт-адалдық алаңы" жобасының жетекішіс Жандос Тұсмағамбетов.

Тексерушілер бүкіл ақпаратты білім бөліміне тапсырмақ. Бірақ үндемей құтылуды жөн көрген білім бөліміндегілер ең алдымен тексерушілердің құжаттарымен танысуды жөн көріп отыр. Содан кейін ішкі тексеру жүргізіп, кінәлілерді жазаламақ.

Талқылау