Қызыл жалынмен арпалысып жатқан алматылық құтқарушы өрт кезінде қызды болды
Алматыдағы базары маңындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушінің қызы дүниеге келді. Ер азамат төртінші рет әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri Life сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан кадр
Азат Темірбаев есімді ер азамат қазыл жалынмен арпалысып жүргенде төртінші перзентінің дүниеге келгенін естіді. Құқарушы анасына хабарласып, немерелі болғанын айтып, қуанышты жаңалықпен бөлісті.
“Мама, немереңіздің бауы берік болсын. Қазір босанды, қызды болдым. Мен, азаматтық қорғау капитаны Темірбаев Азат. Бүгін отбасым тағы бір жанмен толығып жатыр. Қызым дүниге келді. Соған қарамастан өртті сөндіріп, жұмыс істеп жатырмыз”, – дейді ол.
“Алматыдағы өртті сөндіру кезінде №8 өрт сөндіру бекетінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Азат Темірбаев қызды болды. Бұл көпбалалы отбасындағы төртінші перзент. Ерлі-зайыптының үлкен ұлдары 15, 11 жаста, қызы 8 жаста”, – деп мәлімдеді еліміздің Төтенше жағдай министрлігі.
Азат Темірбаев Алматы қаласы Жетісу ауданындағы қоймадан шыққан өртті сөндіру бөлімінің бірін басқарды. Бұл салада қызмет етіп жүргеніне 21 жыл болды.Азат Темірбаев алапат өрттерді сөндіруге ат салысып, ондаған адамның өмірін құтқарып қалған.
Еске салайық, 12 тамыз күні сағат 07:16-да Жетісу облысында базар қоймаларынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел штаб жұмылдырылып, бірнеше өрт сөндіру бөлімі құрылды.
Талқылау