Етті көп тұтыну қант диабетіне әкеледі: Дәрігерлер дабыл қақты
АҚШ ғалымдары шамадан тыс қызыл ет тұтыну II типті қант диабетінің дамуына әкелетінін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The American Journal of Clinical Nutrition журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Зерттеуді Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мамандары 36 жыл бойы жиналған 216 мың қатысушының диетасы туралы мәліметтерді талдай отырып жүргізді. Зерттеу барысында 22 мыңнан астам қатысушының II типті қант диабетіне шалдыққаны белгілі болды. Қызыл етті көп тұтынатынлардың қант диабетімен ауыру қаупі 62 пайызға жоғары екені анықталды.
Зерттеу жетекшісі, эпидемиолог және диетолог Уолтер Виллетт қант диабетінің қаупін азайту үшін аптасына тек бір порция қызыл ет жеуге кеңес берді. Сонымен қатар америкалық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, егер сіз күніне бір порция қызыл еттің орнын ақуыз, жаңғақ немесе бұршақ, өсімдіктермен алмастырсаңыз, қауіп 30 пайызға төмендейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”