Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызы өлген әкесін көрмеуі үшін". Рэпер Энди Картрайтты әйелі бөлшектеп тастаған

Энди Картрайт деген атпен танымал болған музыкант Александр Юшконың денесі бір күн бұрын Санкт-Петербургтегі Невский проспектіндегі пәтерлердің бірінен табылды. Рэпердің әйелінің айтуынша, ер адам есірткінің артық мөлшерінен қайтыс болған деп болжанған. Әйел күйеуінің есіне кір келтіргісі келмегендіктен, ол соңғы төрт күн бойы оның денесін бөлшектеуге шешім қабылдаған. Әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Невский проспектіндегі пәтерде орын алған қайғылы оқиғаның жаңа қырлары ашылды, онда рэпер Энди Картрайт пен оның әйелі тұрған. Жауап алу кезінде әйел неліктен күйеуінің денесін бөлшектеу туралы шешім қабылдағанын айтты. Бұған дейін Марина күйеуі есірткіден өлді деп мәлімдеді, бірақ ол мұндай өлімді ұят деп санап, оның жоғалуын жоспарлағысы келді. Енді ол өзінің әрекетін қызы үшін қорыққандықтан жасадым деп, түсіндіреді, ол баланың қайтыс болған әкесін көрсеткісі келмегендіктен бұл қадамға барғанын айтады.

Энди Картрайттың әйелі Марина күйеуінің денесін бөлшектеуге анасы көмектескенін мойындады. Бірақ ең сорақысы, қорқынышты жағдайлар болып жатқанда көрші бөлмелердің бірінде қызы ұйықтап жатқан.

Бүкіл процесс түнде, қараңғылықта өткен - осылайша олар жүрек айнуымен күрескен.

Әйел дененің бөліктерін целлофанға салып, бірнеше пакетті тоңазытқышқа салып, ең үлкенін дәлізге қойған. Telegram арнасының хабарлауынша, бөлшектелген дене төрт күн бойы солай тұрған. Артынша, Марина өзінің білетін адвокатын шақырып, болған оқиғаны айтып берген.

Алдын-ала мәлімет бойынша, Маринаның өзі тыйым салынған заттардың әсерінде болған және олардың әсері тоқтаған кезде бүкіл трагедияны түсінген. Дене мүшелері сараптамаға жіберілді. Рэпердің әйелінен жауап алынып жатыр.

Оқиғаға дейін ерлі-зайыптылар Маринаның інісіне тиесілі пәтерде тұрған. Достары мен көршілерінің айтуынша, олар жанжалсыз, бейбіт өмір сүрген және бұрын есірткі қолданған емес.

Марина мен оның анасына қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр